Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде жанкүйерлеріне арнап маңызды мәлімдеме жасады. Бұл жазба спортшыға қатысты соңғы күндері тараған допинг дауынан кейін пайда болды.
«Мен қазақ үшін жаны ауыратын жанкүйер жинаппын» – Жәнібек
Спортшы өзінің мансабында ең қуанатыны – ешқашан «жаман ниеттегі» жанкүйер жинамағаны екенін айтты:
«Менің бір қуанататыным, бокс мансабымда жаман жанкүйер жинамаппын! Мен қазаққа болысатын, қазақ үшін жаны ауыратын, қазаққа жақтасатын жанкүйер жинаппын!»
Әлімханұлының айтуынша, нағыз жанкүйер тек жеңіс кезінде емес, қиын сәтте де қолдау көрсететін адам.
«Менің жанкүйерлерім тек көк туды...