Қазақстанда деменцияға шалдыққан адамдардың нақты есебі жоқ. Кейбір деректерге қарағанда, ресми тіркеуде шамамен 10 мың адам ғана бар. Алайда диагноз қоюдың күрделі болуына байланысты бұл көрсеткіш одан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Әлем бойынша деменциямен 57 миллионға жуық адам өмір сүреді, әрі халықтың қартаюы салдарынан олардың саны жыл сайын артып келеді. Осы деменцияның алдын алуға бола ма және қандай әдістер шын мәнінде көмектеседі – соны қарастырайық.
Деменцияны алдын алуға болатын жағдайлар
Деменция – бір ауру емес, ми жасушаларының біртіндеп жойылуына және когнитивтік функциялардың, әсіресе жадтың төмендеуіне әкелетін аурулар тобы. Бұл топқа альцгеймер ауруы, тамырлы...