Қазақстанның жеті өңірінде жекеменшік мектептер көрсеткен қызметтері үшін мемлекеттен шамамен 19 млрд теңге алды. Осыған дейін берілмей келген төлемдер Қаржы министрлігінің OrtaBilim жаңа сервисі арқылы жүзеге асырылды.
Ведомствоның мәліметінше, Ақтөбе облысының мектептері 1,5 млрд теңгеден астам, Маңғыстау – 2 млрд астам, Шымкент – 6,7 млрд астам, тағы Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облысының мектептері жалпы қосқан 4,8 млрд теңге алды.
«Білім басқармалары мен мектептер арасындағы қаржыландыру туралы шарттарға 60 млрд теңге сомасына қол қойылған – бұл қазірдің өзінде келісімшартқа отырған қаражат. Жергілікті бюджеттен жеке білім беру қызметтерін қаржыландыруға барлығы 79 млрд теңге бөлінд...