Батыс Қазақстанның Тасқала ауылында кішкентай қызды зорлаған күдікті өмір бойына бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы Kursiv.Media Қазақпарат мәліметіне сүйене отырып хабарлады.
Үкімді осы облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарды. М. есімді ер азамат үш түрлі бап бойынша кінәлі деп танылды. Оған «кәмелетке толмаған адамды ұрлау», «күш қолдану арқылы зорлық-зомбылық жасау», «зорлау» айыптары тағылған.
Сот барысында мәлім болғандай, 2025 жылғы 22 тамызда кешкісін Тасқала ауданы Тасқала ауылында ер адам жәбірленушінің кішкентай қыз екенін біле тұра, дүкеннен тәттілер сатып алып беріп алдаған. Сосын адам жүрмейтін жерге алып шығып, заңсыз ұстаған. Зорлық жасаған.
Прокурор сотталушыны өмір бойына...