Жоғары аудиторлық палата Жамбыл облысына мемлекеттік аудит жүргізіп, қорытындысын шығарды. Нәтижесіне сүйенсек, өңір инвестиция тарту жағынан артта қалып келе жатыр, бюджеттік жоспарлауда кемшіліктер бар.
Аудиторлар дерегінше, осы жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша, өңірге 553 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,4 есе жоғары. Бірақ 2020-2024 жылдар кезеңінен салыстырсақ, инвестициялар деңгейі бойынша облыс республикалық рейтинг көшбасшыларынан 3,5 есе артта қалып отыр.
Мемлекеттік сатып алуда кемшіліктер бар
Жоғары аудиторлық палата мамандары бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік сатып алу, инвестициялық жобаларды басқару бөлігінде, сондай-ақ «Тараз» ӘКК» АҚ қызметінде кемшіліктер анықтады.
Жамбыл облысы республикалық бюджеттен түсетін түсімдерге тәуелді. 2020-2024 жылдары бюджеттен түсімдер өңірге түсетін...