Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев қызмет ету мерзімі ұзартылған вагондарды пайдалануға шектеу енгізілетінін айтты.
«Осы шара отандық темржол көлік өндірушілерін қосымша тапсырыстармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Екіншіден, бүгінде отандық өндірушілерден ҚТЖ үшін жүк вагондарын сатып алуға проценттік ставканы субсидиялауға бөлінген қаражат көлемі төмен. Осыған байланысты, аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшін жеткілікті қаржыландыруды қамтамасыз ету мәселесін пысықтау қажет»,– деп мәлімдеді министр үкімет отырысында.
Ведомство басшысы өндірістерді тапсырыспен қамтамасыз ету мақсатында ұзақ мерзімді перспективада оффтейк-келісімшарттар жасау мәселесін пысықтау қажет дейді.
«Мәселен, биыл Қазақстан вагон құрастыру компаниясының ҚТЖ-ға жүк вагондарын жеткізу келісімшарты аяқталды...