«Қазақстан» телерадиокорпорациясын 6 жылдан астам уақыт басқарған Ләззат Танысбай қызметінен кетті. Бұл туралы телеарнаның баспасөз қызметі хабарлады.
Ләззат Танысбай басқарма төрайымы ретіндегі қызметін қортындылап, ұжымға алғыс білдірді.
«Алты жылдан астам уақытта ең мықты, кәсіби ұжыммен бірге жауапты кезеңдерді еңсеріп, мақсат етіп қойған жобаларды жүзеге асырдық. Корпорацияның қазіргі уақыттағы жетістіктері әріптестерімнің өз ісіне адалдығы мен тынымсыз еңбегінің жемісі. Осы кезеңде қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартып, кәсіби дамуына қолайлы орта қалыптастыруға тырыстым. Себебі жайлы еңбек – ортасы нәтижелі жұмыстың, тұрақтылық пен табыстың негізі.Қазақ телевизиясының қарашаңырағы саналатын ұйымда бұған дейін талай жетекшілердің өзіне лайық қолтаңбасы қалды. Бұл сабақтастық жалғасын...