Apple биыл қатарынан төртінші жыл әлемдегі ең қымбат брендтер рейтингінде бірінші орынға шықты. Бұл жөнінде BrandZ Top 100 Most Valuable Global Brands-тың жыл сайынғы есебінде жазылған. Компания құны бір жыл ішінде 28%-ға өсіп, 1,3 трлн долларды құрады.
Екінші орында – Google (Alphabet Inc. холдингі). Оның құны 25%-ға өсіп, 944,1 млрд долларға жетті. Microsoft Corp. құны 24%-ға өсіп, 884,8 млрд долларды, ал Amazon.com Inc. 50%-ға өсіп, 866,1 млрд долларды құрады.
Бесінші орынға Nvidia Corp. көтерілді. Оның құны 2,5 есе артып, 509,4 млрд долларға жеткен. Одан кейін Facebook пен Instagram орналасқан. Олардың құны сәйкесінше 300,7 млрд және 229 млрд долларды құрады...