Пәкістанның Карачи қаласында тұрып жатқан 300 қазақ көмек сұрап, бейнеүндеу жолдады. Олар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады. Үндеуді депутат Ерлан Сайыров Instagram парағына жариялады.
Шетелдегі қазақтар үні
Видеодан Қазақстан туы ілінген бөлмеде ондаған адам отырғанын көруге болады. Үндеуді көпшілік алдында тұрған бір ер азамат оқып шықты.
«Құрметті Қазақ елі. Біз тарыдай шашылған қазақтың бір бөлшегіміз. Біз бес жыл бұрын Ауғанстаннан ауып, Пәкістанға келгенбіз. Қырық отбасы – 300 қазақ бармыз. 180-нен аса бала-шаға бар. Қолымызда ешқандай куәлік, паспорт жоқ. Пәкістан үкіметі осы айда бізді жер аудармақшы. Не істерімізді білмей отырмыз», – дейді Пәкістанны...