Қазақстан мен Өзбекстан екі ел арасындағы тұрақты әуе рейстері санын көбейтіп, авиация саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті.
Екі елдің авиациялық органдары осындай келіссөз жүргізді. Бұл Орталық Азия – Қытай (С5+1) форматындағы Азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының конференциясы аясында іске асқан.
Келіссөздер барысында ең ел арасындағы тұрақты әуе рейстері санын арттыру туралы келісімге қол жеткізіліп отыр.
«Бұл қадам көлік қолжетімділігін дамытуға, іскерлік және мәдени байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ екі елдің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған», – делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.
Енді екі елдің тасымалдаушылары Алматы – Ташкент және Астана – Ташкент бағыттарының әрқайсысы бойынша аптасына...