Ғылым және жоғары білім министрлігі 25 шілдеде тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталатынын хабарлады.
Өтінім қабылдау 5 тамызға дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz жүргізіледі. Тестілеудің өзі 10-14 тамыз аралығында өтеді.
Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі. Өтініш беру кезінде тест тапсырушылар ҰБТ өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.
Негізгі ҰБТ-ға қатысқан талапкерлер бейіндік пәндер комбинациясын тамыз тестілеуінде өзгерте алады.
Тамыз айындағы ҰБТ-ға кім қатыса алады:
ағымдағы және өткен жылғы мектеп және колледж түлектері; қандастар (ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қаза...