Атырауда Formula-1 стандартымен автожарыс трассасы салынады. Жаңа автожарыс трассасының жобасында жастарға арналған жеке аймақ қарастырылған. Бұл жайлы ОКҚ-да өткен брифингте Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов мәлімдеді.
«Бұл жоба ұсынылған кезде мен де инвесторға «Мұнда әуесқойлар жарыс өткізе ала ма?» деген сұрақты қойдым. Өйткені жасөспірімдер арасында заңсыз көше жарыстары болып тұрады. Біз олардың қай жерде өтетінін, жол-қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылап жүреміз. Сондықтан жаңа трассада жастар үшін арнайы мүмкіндік қарастырылады», – деді Шәпкенов.
Әкімнің айтуынша, жобаның бастамашысы – Атыраудағы ірі вагон өндіретін зауыттың иесі, кәсіпкер Шота Абхазава. Жоба оның жеке қаражаты есебінен жүзеге асады, ал әкімдік жер...