Ресейге кіруге тыйым салған әртіс Нұрлан Сабуровтың басы тағы дауға қалды. Оның ісімен енді Ұлттық қауіпсіздік комитеті айналысып жатыр.
Мәселенің мән-жайы
Осыдан біраз күн бұрын әзілкеш Ресей әскеріне материалдық көмек көрсетті деген ақпарат тарап еді. Ресейлік басылымдардың дерегінше, ол «Барлығы жеңіс үшін» қорына қаржылай көмек берген. Кейін әлеуметтік желілерде әртістің «Вагнердің Истра легионы» атты бөлімшеге он мотоцикл сыйлаған видеосы тарап кетті. Ол жерде әртіс: «Жігіттер жеңіспен оралады деп сенеміз», – деген тілек айтады.
Осы жаңалық тарағаннан кейін қазақ белсендісі Марат Тұрымбетов Нұрлан Сабуров үстінен Бас прокуратураға арыз түсіргенін жазды. Ол Ресей әскеріне қолдау...