2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында Алматы қаласына 1,8 миллионнан астам адам келді. Шетел туристері ішінде Ресей, Қытай және Үндістан елдерінің үлесі басым. Бұл туралы Kursiv.Media қала әкімдігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлады.
Алматыны көруді асыққан туристер легі жылдан жылға артып келеді. Биыл үш тоқсандағы көрсеткіш 2024 жылғы нәтижемен (1,7 млн) салыстырғанда 8,1%-ға артық.
Ішкі туристер
Қалаға қыдырып келушілердің дені – ел азаматтары. Тоғыз айдан мегаполиске 1,3 млн адам қонақтап келді. Олардың саны биыл 2024 жылға қарағанда 6,9%-ға артқан.
Қытай туристері көбейді
2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте шетелден Алматыға келушілер 11%-ға көбейді – 563 мың адам. Олардың дені Ресей...