Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамы неге құбылып тұрғанын түсіндірді. Ұлттық валютаның кейінгі күндері құнсыздауына мұнай бағасын айтарлықтай әсер еткен.
Қара алтын бағасы 80 доллардан 71 долларға дейін құлдырағаны белгілі. Десе де бас банк басшысы Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықта доллар әлі 500 теңгелік межеден аспағанын атап өтті.
Сүлейменовтің айтуынша, доллардың қымбаттауына заңды тұлғалар сұранысының артуы да себеп. Өйткені қазір ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Олар мемлекеттік бюджет немесе квазимемлекеттік сектор есебінен қаржыландырылады және импортқа тәуелді болғандықтан, долларды көп мөлшерде қажет етеді.
«Бұл тұжырымды валюта биржасындағы нақты сауда сомасы растайды Қазір олар күніне шамамен...