Ұлттық банк алаяқтық және заңсыз қызмет, соның ішінде есірткінің заңсыз айналымымен күрес мақсатында банк қызметін реттеуге елеулі өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр. Ұсынылған түзетулердің бірі — банкомат камераларындағы жазбаларды сақтау мерзімін 60 күннен 180 күнге дейін ұлғайту. Бұл қылмыстық істерді тергеу барысында дәлелдерді жинауға көмектеспек.
Ұлттық банктің «Ашық НҚА» порталында орналастырылған қаулы жобасында бұл өзгерістер банктердің ақпараттық қауіпсіздігін нығайту мақсатында енгізілетіні жазылған.
«Қаулы жобасы ЕДБ-нің есепті нысандарына төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған төлемдер туралы мәліметтерді, банктердің ақпараттық жүйелерінің жұмысындағы іркілістер мен тоқтап қалулар туралы мәліметтерді беру бөлігінде өзгерістерді, трансшекаралық төлемдер туралы мәліметтерді беру бөлігінде...