Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Астанада жасанды интеллект зертханасын ашқанын жариялады.
«Бір жыл бұрын біз алғашқы аймақтық кеңсемізді Қазақстанда ашқан едік. Қазір сол жұмыстың нәтижесін көріп отырғанымызға қуаныштымыз. Бүгін осы Alem.AI ғимаратында жасанды интеллект зертханасының ашылғанын ресми түрде жариялағаныма мақтанамын. Алғашқы жоба – Telegram мен Қазақстанның суперкомпьютерлік кластері арасындағы бірлескен жоба болады. Бұл жобаны Қазақстандағы Жасанды интеллект министрлігі іске қосады», – деді ол Астанада өткен Digital Bridge форумында.
Оның айтуынша, соңғы бірнеше айда Telegram блокчейн мен жасанды интеллекті біріктіретін жаңа технологиямен жұмыс істеп жатыр. Бұл технология 1 миллиардтан астам адамға ЖИ функцияларын қолдануға мүмкіндік...