2-4 қазан күндері Қазақстанның басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болады. Республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында қатты жауын-шашын болады. «Қазгидромет» ел аумағында жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін деп хабарлайды .
Алдағы екі күнде батыс өңірлерде түнде ауа температурасы +2…+13 градусқа дейін жоғарылап, күндіз +20…+25 градусқа дейін жетеді. Солтүстік-батыста түнде -1…-9 градус, күндіз +10…+23 градус болады. Солтүстікте түнде -7…+3 градус аралығында, күндіз +3…+13 градус шамасында сақталады. Орталықта түнде -8…+2 градусқа дейін суытып, күндіз +5…+18 градусқа дейін жылынады. Оңтүстік аймақтарда түнде ауа температурасы +2…+10 градусқа дейін көтеріліп, күндіз +15…+25 градусқа жетеді.Бірақ қазанның онынан кейін жағдай өзгеруі мүмкін. Орта Азия мен...