Алматыда IQanat Олимпиадасының финалы басталды. Қазақстанда бір жылдан бері өткізіліп келе жатқан білім жарысы өз межесіне жақындады. 50 мыңнан астам сегізінші сынып оқушысы қатысқан жарыста мың бала суырылып шығып, финалист атанды.
Іріктеудің жаңа стратегиясы
Енді IQanat финалистері эмоциялық интеллект, көшбасшылық және кәсіпке бейімділік бойынша тест тапсырады. Балалар осылайша жаңа стратегия арқылы іріктеледі. Көп жағдайда баланың жетістіктерін мектеп пәндері бойынша білімі емес, «soft skills» дағдылары айқындайды. Осылайша, биылдан бастап қорытынды тестілеудің академиялық бөлігі 80%-ды құраса, қалған 20% бөлігі «жұмсақ» дағдыларға тиесілі болады.
«Біздің міндетіміз – балалардың арасынан ең ақылдыларды емес, ең ынталы, бастамашыл және...