Жаз — Қазақстанда демалыс уақыты. Балалар мектептен, ересектер оқуы мен жұмысынан үзіліс алып, халықтың ел ішінде де, шетелге де жиі саяхаттайтын маусымы. Бірақ жаз — әлемнің барлық жерінде бірдей демалысқа жайлы мезгіл емес. Саяхатқа жинала қалсаңыз, жаз кезінде қай елдерге бармаған жөн екенін, бара қалсаңыз, неге дайын болу керектігін біле жүріңіз.
Ауа райы, табиғи циклондар, жаппай демалыс немесе овертуризм. Себебі әртүрлі болғанымен, төменде аталатын мемлекеттердің бәрін бір дүние біріктіреді. Бұл елдерге жаздан басқа уақытта барған жақсы.
БАӘ, Иордания, Мысыр, Оман, Қатар, Сауд Арабиясы
Аталған елдерде маусым-тамыз айларында қатты ыстық болады. Ауа температурасы +55 градусқа дейін көтеріледі. Таяу Шығыс...