Сенат кулуарында журналистер Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықовтан Кенесары ханның басы қайда екенін және оның Қазақстанға оралу мүмкіндігі бар-жоғын сұрады, деп хабарлайды Кazinform.
«Қазір бұл сұраққа нақты жауап бере алмаймын. Себебі Кенесараның басы қайда екенін нақты айта алмаймын. Бізде мұндай нақты ақпарат жоқ», – деді ол.
Тарихи жәдігердің мәдени маңыздылығын ескере отырып, іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр ма деген сұраққа вице-министр зерттеулердің жалғасып жатқанын атап өтті.
«Кенесарының басы ғана емес. 2004 жылдан 2006 жылға дейін және одан кейінгі жылдары да бізде мәдени мұра бойынша мемлекеттік сипаттағы арнайы іздеу бағдарламалары болды...