Алматы әкімдігі Республика күнін атап өтуге арналған мәдени шаралардың жоспарын жариялады. Атаулы күнге орай, концерт, көрме, спектакль, халықаралық фестиваль өткізілмек. Шара аясында мүмкіндігі шектеулі балалар иппотерапия да ала алады.
21-24 қазан аралығында «ALMATY PUPPET FESTIVAL» II атты қуыршақ театрларының фестивалі өтпек. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен келген шетелдік әртістер өнер көрсетеді. 21 қазанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Жаңа Ғасыр» театры «Соңғы қоңырау» атты спектакль қояды.
Ертең «Алатау» театрында «Атамекен-айбыным» атты концерт болмақ. Алма Аманжолова, Марал Анарбек, Сандуғаш Стамғазиева сынды мәдениет қайраткерлері мен дәстүрлі әншілердің өнерін тамашалауға болады. Жас суретшілер одағының мүшелері өз туындыларын ұсынбақ. Камералық оркестр классикалық әндерді тарту етед...