Халықаралық астық кеңесінің мәліметі бойынша, орақ түскен кезде, шілде айынан бастап, Қара Теңіз порттары арқылы таралатын Ресей бидайының бағасы 216 АҚШ доллары болған еді. Логистика құны – тоннасына 90 АҚШ доллары. Мұны есептен шығарғанда, қазақстандық бидайдың орташа бағасы 61 мың теңге болмақ. Ал Қара теңіздегі бидай бағасы қазір тоннасына 250 АҚШ долларына дейін өсіп отыр. Теңгеге шаққанда, бұл – 78 мың теңге деген сөз.
Экспорттық бағаның көтерілуі Ресей нарығындағы бидайдың құнына әсер етіп отыр. Айталық, Омбы облысында 3 сыныпты бидай 14,5 мың рубльге сатылып жатыр. Жеткізу шығынын, қосымша құн салығын ескергенде, ресейлік бидайдың тоннасы еліміздің солтүстік өңірлерінде 84 мың теңгеге...