Еуропа елдеріне виза алу жеңілдеуі мүмкін. Еуроодақ бұл мәселеге қатысты Қазақстанмен келіссөздер жүргізуге ниетті екенін растады. Бұл жайлы Schengen.news порталы хабарлады.
«ЕО мен Қазақстан виза режимін жеңілдету және реадмиссия туралы келісім бойынша ортақ келіссөздер жүргізуге дайын», – делінген хабарламада.
Еуропалық Одақ пен Қазақстан тарапының 21-ші кездесуінде екі тарап ынтымақтастықты тереңдету және визалық режимді жеңілдету туралы келісімге келуге дайын екенін растаған.
Осы орайда Қазақстан тарапы өз азаматтарына Шенген визасын беру ақысын төмендетуді, виза уақытын ұзартуды, қазақстандықтардың өтінішін қарау уақытын қысқартуды сұраған.
Сонымен бірге Қазақстан Еуропа елдерінде заңсыз жүрген өз азаматтарына реадмиссия жасау...