Қазақстан азаматтығын алу үшін шетел азаматына қазақ тілі, Конституция негіздері және Қазақстан тарихы бойынша емтихан тапсыру қажет. Бұл талап ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығында көрсетілген.
Қазақстан азаматтығын алу үшін емтиханда:
Қазақ тілінен ең төменгі шек – 60 сұрақтан кемінде 36 балл; Конституция негіздері бойынша – 15 сұрақтан кемінде 9 балл; Қазақстан тарихынан – 25 сұрақтан кемінде 15 балл жинау қажет.Бұрын «Ашық НҚА» сайтында қазақ тілі бойынша тест қазақ тілінде, ал қалған екі пән бойынша тестілеу қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде тапсырылады деп хабарланған болатын. Тест қатысушылары төрт жауап нұсқасынан дұрыс жауабын таңдайды. Емтихан тапсыруға 2 сағат...