Айтқали Әлібеков 1945 жылы Жеңіс қарсаңында Эльба өзенінде алғаш рет америкалықтармен бетпе-бет келген кеңес жауынгері болып шықты.
Тарих ғылымының докторы Михаил Мягковтың мәліметінше, бұл – Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі айтулы оқиға. Бірақ туралы ТМД елдерінен бұрын, америкалықтар жақсы біледі.
Аттылы барлаушы
«Бұл дерек көздерінде бар. Америкалықтардың өздерінің естеліктерінде де көрсетілген. Бұл жайлы АҚШ-та талай материал жарияланды. Олар кезінде орыс тіліне де аударылған», – дейді тарихшы.
Михаил Мягковтың айтуынша, америкалық лейтенант Альберт Котцебу кездестірген совет жауынгерінің ұлты – қазақ. Басқолбасшылық Айтқали Әлібековті барлауға жіберген. Ол өзінің атымен Эльба өзенін кесіп өтіп, Котцебу...