Алматыдағы жер сілкінісінен кейін, қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескерту жариялады.
Департаменттің мәліметінше, Алматы қаласы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан, сондықтан әрбір азамат жер сілкінісіне дайын болуы керек.
Ол үшін алматылықтар жер сілкінісі кезінде отбасылық немесе ұжымдық іс қимыл жоспарын жасауға тиіс.
Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіз орындар
Жер сілкінісінен барынша қорғану үшін үйдегі ең қауіпсіз жерлерді анықтап алу керек. Қауіпсіз орындарға мыналар жатқызылған:
күрделі ішкі қабырғалардың саңылаулары; ішкі қабырғалардан пайда болған бұрыштар; ішкі қабырға бағандарының жанындағы орындар.Сонымен бірге ғимараттан шығудың ең қысқа жолын анықтаған абзал. Жер сілкінісінен кейін мүмкін болса, ғимараттан тез шығып...