Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасына өтінім қабылдау жалғасып отыр. Өтінімдер 2025 жылы 30 қыркүйекке дейін қабылданады деп ескертеді қала әкімдігі.
Осы уақытқа дейін қала тұрғындарынан 1 606 ұсыныс қабылданды. Алматылықтар аумақты көгалдандыру, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, тротуарлар мен арықтарды жөндеу, балалар және спорт алаңдарын орнату, сондай-ақ санитарлық тәртіпті жақсартуға бағытталған бастамалар ұсынған.
Өтінімді онлайн режимде budget.open-almaty.kz платформасы арқылы беруге болады. Өтінімде:
• жобаның атауы мен қысқаша сипаттамасы; • нысанның нақты мекенжайы; • фото немесе эскиз; • шығынның алдын ала сметасы болуы керек.Қатысу шарттары:
• бір адам – бір өтінім- бір нысан;
• нысан жалпыға ортақ және өтініш берушінің ауданында орналасуға...