Қытай билігі елдегі банктерге сыйлықтармен, соның ішінде жұрт қатты қызығатын Лабубу қуыршақтарымен клиент тартуға тыйым салды. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.
Осының өзі Қытайда қаржы мекемелерінің клиент үшін таласы қызғанын көрсетеді деп топшылады басылым.
Мәліметтерге қарағанда, қадағалаушы мекеме Чжэнцзян провинциясындағы банктерге тұтынушы тарту үшін талапқа сай емес әдістерді қолданбауға кеңес берді. Себебі осының алдында ғана жергілікті қаржы мекемелерінің бірі Labubu қуыршағын сыйға тартатын жармана акциясын ұйымдастырған.
Банк депозитке 50 мың юань (шамамен 7 мың доллар) құйған азаматтарға осындай сыйлық ұсынған. Маркетинг әдісі әлеуметтік желілерде вирус секілді тарап, тұтынушыларды қызықтыра түскен. Артынша мемлекеттік БАҚ қаржы ұйының әрекетін «ұзаққа бармайтын шешім...