Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі халықаралық есірткі арнасы жойылғанын хабарлады. Бұл жұмыстарды атқаруға комитетке Ресей мен Қырғызстандағы әріптестері көмектескен.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей және Қырғызстанның құзырлы органдарымен бірлесе халықаралық есірткі арналарын жою бойынша екі арнайы операция жүргізді», – делінген баспасөз хабарламасында.
Операция барысында аталмыш елдердің ауымағынан есірткіні көтерме саудамен өткізген қылмыстық топтың 4 мүшесі ұсталған. Олардан 20 кг синтетикалық есірткі тәркіленген.
Осыған дейін қандай қылмыстық топтар ұсталды?
Елде ҰҚК мен Ішкі істер министрлігі бірге есірткімен күрес жүргізеді. Мәселен осы жылдың қаңтар айында полиция 800 келі есірткілік заттарды тәркілеген болатын. Бір...