Талдықорған сотында Шерзат Полат ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды KursivMedia.
Үкімді судья Ержан Жанұзақов оқыды. Соған сәйкес:
Абзал Шынасыл қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 99-бабы 2-бөлігі 5,9 және 14-тармағы (адам өлтіру), 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігі 1,7 және 9-тармағында (адам өлтіруге оқталу) көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 23 жылға бас бостандығынан айырылды.
Равиль Сакиев қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігі 7 және 9-тармағында (адам өлтіруге оқталу) бойынша кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Азамат Тоқтаубаев қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бабы 1-бөлігі (ұрлық) бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды...