«Қашаған» кен орны жөндеу жұмыстарына жабылады. Бұл жайлы Энергетика министрлігінінің баспасөз қызметі хабарлаған.
Министрлік хабарлауынша, жөндеу жұмыстары бір айға созылады.
«Қашаған кен орнындағы жөндеу жұмыстары 7 қазанда басталып, күнтізбелік 30 күнге созылады»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Айта кетсек, «Қашаған» кен орнындағы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты мұнай-газ өңдеу кешені уақытша жұмысын тоқтататыны туралы 25 қыркүйекте хабарларланған. Ол кезде Энергетика министрлігі жөндеу жұмыстары 38 күнге созылатынын мәлімдеген.
Министрлік мәліметі бойынша жөндеу жұмыстары 3 қазаннан басталуы керек болған. Бұл газ тпшылығы туындуы мүмкін екені айтылды. Бұл кезең аралығында жетпейтін газ көлемі шетелден импортталады.
Ал экспортталатын...