Өзбекстанда 2028 жылдан бастап экологиялық категориясы «Еуро-4» стандартынан төмен отын, оның ішінде АИ-80 бензинін пайдалану мен сатуды кезең-кезеңімен шектеу басталады.
Сонымен қатар жылу және электр станцияларының мазут пен көмірді жағуына да шектеу қойылуы мүмкін.
Бастапқыда бұл жанармайдан толық бас тарту 2025 жылға жоспарланған болатын.
Бұл өзгерістер Президент Шавкат Мирзиеевтің 24 қыркүйектегі «Шаңды дауылмен күресу және ауаның сапасын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» жарлығында бекітілген.
Еске салайық, 2023 жылдың 29 желтоқсанында Шавкат Мирзиеев премьер-министр Абдулла Ариповқа 2025 жылдан бастап АИ-80 маркалы бензинді пайдалануды тоқтату мәселесін жедел шешуді тапсырған болатын.
Соған қарамастан, бұл жанармай түрі жыл басынан бері қымбаттады.
Ал...