Ғылым және жоғары білім министрлігі магистратура бойынша мемлекеттік грант иегерлерінің тізімін жария етті.
Білім гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде берілген.
«Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 15 196 адам қатысты»,- делінген министрлік хабарламасында.
Болашақ магистранттарды ЖЖОКБҰ-на қабылдау 28 тамызға дейін жалғасады
Грант иегерлерінің тізімін ҚР ҒЖБМ Telegram арнасынан және Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан көруге болады.
3 тамызда қазақстандық абитуриенттер үшін жоғарғы оқу орындарына арналған мемлекеттік гранттар тізімі жария болған еді.
Жоғары білім...