АҚШ-тың қор нарығы президенттік сайлау алдындағы ең құбылмалы кезеңге аяқ басты. Еуропа Орталық банкі қыркүйек айында ставканың төмендейтініне сенімді. Еnbridge болжамынша, мұнайға деген сұраныс артады. Осы және өзге де тақырыптар туралы 20 тамыздағы шолуымыздан оқыңыз.
Goldman Sachs: АҚШ-тың еңбек нарығының аптығы ФРЖ болжағаннан да тез басылады
Goldman Sachs және Wells Fargo экономистерінің пікірінше, сәрсенбі, 21 тамызда жарияланатын еңбек нарығының базалық көрсеткіштері әу баста болжанғаннан әлдеқайда қатты баяулайды. Олардың айтуынша, 2023 жылдың наурызынан 2024 жылдың наурызына дейін жаңа жұмыс орындарының саны кемінде 600 мыңға, яғни айына 50 мыңға артқан. Сонымен қатар Goldman Sachs бұл көрсеткіш 1 млн жұмыс орнына дейін...