Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі небәрі 4,6%-ға өскен. Атап айтқанда, 2024 жылдың шілде айында Қазақстанда күнкөріс минимумы 51,7 мың теңгені құраған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 4,6%-ға ғана артық екен.
Бұл көрсеткіш өткен жылдардағы статистикамен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Мәселен, пандемия тұсында, яғни 2020 жылы күнкөріс деңгейі – 13,7% болған. 2021 жылы – 14,1%, 2022 жылы – 16,4%, 2023 жылы – 10,5% болған.
Қазақстанда күнкөріс деңгейі жоғары өңір – Маңғыстау облысы. Мұндағы күнкөріс минимумы 63,5 мың теңгені құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда 2,1%-ға артық.
Содан кейінгі орындарда 56,9 мың теңгемен Астана қаласы, 55,1 мың теңгемен Шығыс...