Қатарлық UCC Holding компаниясы Қазақстанда QazaqGaz ұлттық компаниясының газ құбырын салу жобаларына 11 млрд доллар инвестиция салады. Бұл туралы Үкімет кулуарында QazaqGaz басқарма төрағасы Санжар Жаркешов айтты.
«Қатарлық инвестор Қазақстандағы төрт газ жобасына 11 млрд доллар құяды. Соның ішінде екі ірі жоба Бейнеу – Ақтөбе – Қостанай, Бейнеу – Бозой – Шымкент газ құбырларын салу жобасы бар. Бұл құбырлардың құрылыс жұмыстары біздің жоспар бойынша келер жылы басталады. Қазіргі уақытта техникалық дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді QazaqGaz басшысы.
Бұдан бөлек, 2025 жылы Талдықорған – Үшарал газ құбырын салу жұмыстары басталатынын атап өтті. Бұл жобаға қаржыны...