2025 жылы Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы өтеді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бірлескен мәлімдесінде айтты.
Ақордада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Келіссөздерден кейінгі баспасөзге арналған жиында мемлекет басшысы достық пен тату көршілік қатынастар жайын сөз етті. Сондай-ақ Тоқаев Қазақстан мен Қытай азаматтары үшін екі ел арасында визасыз режим қолданыла бастағанын еске салды.
«Қазір оның игілігін азаматтарымыз көріп отыр. Әсіресе, екі елдің көршілес аймақтарының халқына, кәсіпкерлер мен туристерге, жастар мен шетелдік әріптестерге тиімді болды. Биыл наурызда Бейжіңде Қазақстанның Қытайдағы Туризм жылы салтанатты түрде ашылды...