Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына салынған айыппұлға қатысты пікір білдірді. Нысанбаевтың айтуынша, министрлікке қарасты Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне бұл жағдай туралы есеп берілмеген.
Тексеріс 2024 жылдың қазан айынан бастап жүргізілген. Экологиялық нормалардың бұзылғанын анықтау үшін прокуратура Экология департаменті мамандарын сарапшы ретінде тексеріс жұмысына қатыстырған.
«Тексерісті Экология департаментінің қатысуымен прокуратура жүргізген. Компания экологиялық талаптарды бұзып отыр. Сол үшін 32 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл орайда заң бәріне ортақ. Мемлекеттік немесе жеке компания болсын, бәрі заңға бағынуы керек», – деді министр.
Бірақ Экология департаменті мамандары сарапшы ретінде қатысқанына қарамастан, бұл жағдай туралы...