Болат Назарбаевтың Майра Құрманғалиевадан туған ұлы Ханболат Назарбаев Астанада салынып жатқан ғимаратты ағасы Данияр Кесікбаевтың атына жазып берген. Бұл нысанды бұрын сот бұзуға шешім шығарған. Бұл туралы Nege.Aqsha басылымы жазды.
Астана қаласы Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, әңгіме Тәуелсіздік даңғылы, №9, №11 мекенжайлары бойынша орналасқан бұрын мейрамхана мен қонақүй кешені болған ғимарат жайлы.
2024 жылдың желтоқсан айында тексеру жұмыстарынан кейін құқық бұзушылықтар анықталған. Nege.Aqsha басылымының жазуынша, Ханболат Назарбаев қонақүйді бұзып, ойын-сауық орталығын салуды бастаған.
Осы сауда орталығын салу жұмыстарына байланысты Назарбаев осыған дейін жауапқа тартылған. Дәлірек айтқанда, сараптамадан өтпеген жоба құрылысы (ӘК 316-бабы 1-бөлігі) және техникалы...