Газа секторында атысты тоқтату туралы келісім жоспарланған уақыттан бірнеше сағатқа кешігіп күшіне енді. Бұл туралы BBC арнасы хабарлады.
Израиль билігі 19 қаңтарда босатылатын тұтқындардың тізімін алғанын растады. Сондай-ақ ХАМАС ұйымының тұтқындардың алғашқы легін босату үшін қажетті барлық есімдерді уақытында бермегенін алға тартып, атысты тоқтату режимін кейінге қалдырған болатын.
19 қаңтарда босатылатын үш тұтқынның есімі жарияланды: 24 жастағы Роми Гонен (Кфар-Врадимнен), 28 жастағы Эмили Дамари, 31 жастағы Дорон Штейнбрехер (Кфар-Аза елдімекенінен). Тұтқындарды босату жергілікті уақыт бойынша 16:00-ден кейін жүзеге асырылуы тиіс.
Бұл келісім ұзаққа созылған қақтығыстардың уақытша тоқтауына мүмкіндік берді. Тұтқындарды босату және атысты тоқтату процесі әлі де екі тарапты...