Ұлттық Банк базалық мөлшерлемеге қатысты 2025 жылдың алғашқы шешімін қабылдап, 15,25% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды.
Ұлттық банк мәліметінше, желтоқсан айында Қазақстанда инфляция 8,6%-ға дейін үдеп, 2024 жылға болжанған 8-9% диапазон шегінде қалыптасты.
«Қызметтер бағасының жоғары өсуі және тамыздан бастап байқалып отырған азық-түлікке жатпайтын тауарлар инфляциясының жеделдеуі оның динамикасына көптеп үлес қосты. «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру мен теңгенің әлсіреуі аясында инфляция күш алып тұр», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар ҰБ инфляцияның орнықты бөлігінде өсім сақталып отырғанын айтады. Ол фискалдық ынталандыру жалғасқандықтан, сұраныс тарапынан қысым барын көрсетеді. Желтоқсан айында халықтың инфляциялық күтулері, жоғары құбылмалылықты...