Nokia брендімен құрылғылар жасап, сататын Финляндияның HMD Global компаниясы енді бұл брендтің смартфондарын шығармайды және сатпайды.
Nokia смартфондары мен планшеттері ескірген. Олардың жаңа модельдері мүлдем шықпайтын болды.
Енді компания өз брендінің атын өзгертіп, HMD Key, HMD Arc, HMD Fusion және өзге де жаңа атауларымен соңғы модельдегі смартфондар шығарады.
Technetbooks порталының жазуынша, HMD Global толығымен өз брендін пайдалануға көшкен. Смартфондар дәуірінде 2000-шы жылдардың басында ұялы телефондар нарығында жетекші орын алған Nokia компаниясы айтарлықтай бәсекелестікке тап болғаны атап өтілді.
Айта кетейік, 2016 жылға дейін Nokia бренді Microsoft корпорациясына тиесілі болған. Компания 2010 жылы бәсекелестеріне ілесу үшін брендті жандандыруға тырысқан. Алайда смартфондар бәсекеге...