Сейсенбі, 15 шілдеге арналған валюта бағамы анықталды. Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, қазір 1 АҚШ доллары 524,24 теңге тұрады. Ұлттық валюта бірден 3,31 теңгеге арзандаса, криптонарық капиталы артып жатыр.
Ұлттық валюта бірден 3 теңгеге әлсіреді
Шілденің басында аздап болса да нығайған теңге өткен аптаның аяғында долларға жол берді. Құрама Штаттар валютасы бүгін бір тәулікте шамамен 3 теңгеге көтерілді. Бір ай бұрын доллар 508 теңгеден саудаланған. Содан бері доллар шамамен 16 теңгеге күшейді.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматы қаласындағы ақша айырбастау мекемелерінде бір доллар 523,5 теңгеден қабылданып, 526 теңгеден сатылып жатыр. Астана қаласындағы валюта саудасы – 521 және 527 теңге.
Криптонарық капиталы артты
Дүйсенбі, 14 шілдеде Bitcoin (BTC)...