«KMG PetroChem» басқарма төрағасы Игорь Ильин бастаған делегация Қытайға іс-сапармен барып, газ-химия саласындағы жобаларды дамыту үшін кездесулер өткізді.
Қазақстандық делегациясы Қытай даму банкі және (CDB) және Қытайдың SINOSURE экспорттық-кредиттік агенттігінің өкілдерімен кездескен. Олар «Атырау облысында бірыңғай дәлізде магистральдық құбырларды (этан, пропан) салу» жобасына қаржы тартуды талқылаған.
«ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясы Атырау өңіріне магистральдық құбырын салып, жыл сайын 1,6 млн тонна сұйытылған этан және 1,0 млн тонна сұйытылған пропан фракцияларын тасымалдауды көздеп отыр. Әр құбыр 210 шақырымға дейін созылады.
Құрылыс 2028 жылға дейін аяқталып, 500 адамды жұмыспен қамтуы керек.
Одан бөлек KMG РetroСhem серіктесі SINOPEC-пен келіссөздер жүргізіп, Атырау облысында қуаты...