Сәтпаев қаласында аспаннан қар емес, күйе жауады. Мәселе – қаланы жылумен қамтып отырған ескі қазандықтарда. Ал қазандықтардың проблемасы жақын арада шешіле қоймайтын секілді. Бұл туралы депутат Сергей Понамаревқа Kazakhmys Distribution компаниясының («Қазақмыстың» еншілес компаниясы ) атқарушы директоры Евгений Кравчук айтты.
Қаланың экологиялық жағдайымен танысу үшін өңірге бір топ депутаттармен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов арнайы барған. Kazakhmys Distribution қазандықтарының жұмысымен танысқан депутаттар компания басшысынан қаланың экологиялық проблемасын қалай шешетінін сұраған.
«Бұл мәселенің қысқа мерзімді шешімі жоқ. Қазіргі уақытта біздің қолымыздан келетін жалғыз нәрсе бар, ол – төртінші қазандыққа эмульгаторлар орнату. Олар қазанды газ бен...