Ресейлік «Роснефтефлот» компаниясына тиесілі Нұрсұлтан Назарбаев атындағы мұнай танкері АҚШ санкциясына ұшырады.
10 қаңтарда АҚШ Қаржы министрлігі Ресейге қарсы санкциялардың жаңа тізімін жариялады. Оған екі ірі ресейлік «Газпромнефть» және «Сургутнефтегаз» мұнай-газ компаниялары, сондай-ақ «Совкомфлот», «Роснефть» және «Газпромнефтьпен» байланысты жүзге жуық кеме енген.
Тізімге енге кемелер қатарында «Звезда» кеме жасау кешенінде жасалған Нұрсұлтан Назарбаев атындағы танкер де болды. Танкер 2020 жылдың 6 шілдесінде Қазақстанның тұңғыш президенті 80 жасқа толғанда салтанатты түрде жасалып бастаған.
Танкерге Назарбаев есімін беру туралы шешімді Ресей үкіметі қабылдаған. Бұл Назарбаевтың екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан зор үлесін атап өту үшін жасалған еді.
Танкер мұнай және...