Қазақстанның сыртқы қарызы 2024 жылы айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Былтыр 9 айда 2,3 млрд долларға өсіп, 165,8 млрд долларды құрады. Қазақстан қарызды негізіне Нидерланды, Ұлыбритания және Ресейден алған.
Қазақстан сыртқы борышының құрылымында Нидерландыға қарызы 42,1 млрд долларды құрайды. 2023 жылдың 9 айымен салыстырғанда көрсеткіш 1,2%-ға азайған.
Одан кейінгі орында Ұлыбритания келеді. Бұл мемлекеттен Қазақстан 14,3 млрд доллар қарыз алған. Жылдық мәнде Ұлыбритания алдындағы қарыз 2,1%-ға өсті.
2024 жылдың 9 айында Қазақстанның Ресейдан алған қарызы өскені байқалады. Жылдық мәндегі өсім 8%-ға тең. Қазір Ресейден тартылған борыш 13,5 млрд долларды құрайды. Ал 2023 жылдың 1 қазанында бұл көрсеткіш 12,5 млрд...