Садақа, қайырымдылық және емдік шаралар үшін мобильді аударымдар арқылы ақша жинайтындарды салық органдары тексере ме? Олар нақты мақсатқа жұмсалғанын қалай дәлелдеуі керек? Бұл сұраққа Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы жауап берді.
Комитет өкілінің айтуынша қайырымдылық істері үшін қаржы жинау кәсіпкерлікке жатпайтынын түсіндірді. Сондықтан ондай мақсаттағы жиналған қаржыға салық қарастырылмайды. Десе де оның да сұрауы бар.
«Бізде елде мобильді аударымдар арқылы садақа, қайырымдылық және ем-шараларына қаражат жинап жатады. Бұл – кәсіпкерлік мақсатта жиналып жатқан қаражат емес. Тиісінше, ол салық салуға жатпайды, тек кәсіпкерлік мақсаттағы аударымдар жатады. Егер емдік шараға жинаған болса, тиісінше оны...