Денсаулық сақтау министрлігі Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп елдегі медициналық колледждер тексерілетінін хабарлады.
Мақсат – медицина қызметкерлерінің білімін сапалы жаңа деңгейге шығару. Олардың ішінде фельдшер, мейіргер, акушер, зертханашы және басқа да мамандарды оқыту үрдісі тексеріледі.
Бақылау төмендегідей негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
* оқытушылар құрамының біліктілік талаптарына сәйкестігі;
* оқу процесін материалдық-техникалық жарақтандыру;
* оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау;
* санитариялық-эпидемиологиялық нормалар мен қауіпсіздік талаптарын сақтау;
* іске асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша қолданыстағы аккредиттеудің болуы.
«Бақылау жоспарлы түрде жүргізіледі. Бұзушылықтар анықталған кезде — білім беру қызметіне лицензияны тоқтата тұруға немесе күшін жоюға дейінгі заңнамада көзделген шаралар қолданылады», – деп атап...